2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
______________ Е.Досаев
2015 жылғы 10 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы №387 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
аккредиттеу туралы куәлiк – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;
бастапқы энергетикалық ресурстар – осы энергия көздеріндегі энергия өзгертілуінен бұрын, ілеспе тау жыныстарынан оларды бөлуді, тазалауды немесе сұрыптауды ескере отырып немесе ескертусіз өндіруді және түзілуді ғана қажет ететін энергиялық ресурстар;
қайталама энергетикалық ресурстар - бастапқы энергетикалық ресурстарын өзгерту нәтижесі болып табылатын энергетикалық ресурстар;
Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi жүргiзу – МЭТ операторы қызметі процесінде сақтайтын, МЭТ қалыптастыру үшін қажетті барлық іс-қимылдар мен рәсімдер жиынтығы;
Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері ұсынған деректер, жүргізілген талдаулар, МЭТ операторының қорытындылары мен есептер негізінде Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты жинақтау үшін материалдар дайындау.
Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі - МЭТ) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері (бұдан әрі – МЭТ субъектілері) – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;
МЭТ субъектісінің энергетикалық ресурстарын жылдық тұтынуы – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өндірген және басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қайталама энергетикалық ресурстарын қоспағанда, бұл барлық ілеспе техникалық болмай қоймайтын, оның ішінде қолданылатын технологиялар мен жабдықтардың ерекшелігінен туындайтын шығындарды, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тасымалдау қызметін көрсеткен кезде туындайтын шығындарды қоса алғанда, күнтізбелік жыл ішінде технологиялық және энергетикалық мақсаттарда, МЭТ субъектілерінің бастапқы және қайталама энергетикалық ресурстарды жалпы шығындауы;
энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;
2. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру тәртібі
3. МЭТ-ті қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын бесінші қарашаға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері туралы ақпаратты МЭТ операторына жібереді.
4. МЭТ операторы:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпарат негізінде МЭТ субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады;
2) МЭТ субъектілеріне Тізбеге енгізілген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде тізбеге қосылғаны туралы хабарламаны жібереді.
3) осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
МЭТ субъектілерінің Тізбесі МЭТ операторының интернет-ресурсында орналастырылады.
5. МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде МЭТ операторына мынадай ақпаратты ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес 1-нысан бойынша МЭТ субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін;
3) энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;
4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша есептік кезең ішінде энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін;
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша өнім бірлігіне шаққанда, нақты энергия тұтыну және (немесе) ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын;
6) энергия аудиті бойынша қорытындының көшірмесін;
7) энергия менеджменті жүйесінің ұлттық немесе халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін;
8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты ұсынады.
6. Мемлекеттік мекемелер МЭТ операторына осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 5) және 8) тармақшаларына сәйкес ақпаратты ұсынады.
7. МЭТ субъектілері Энергия менеджменті жүйесін енгізген жағдайда осы Қағидалардың 5 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ақпарат МЭТ операторына ұсынылады.
8. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасына сәйкес өткізілген энергия аудитінің қорытындысы бойынша ұсынылады.
9. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз немесе электрондық тасығыштарда (PDF және Excel) ұсынылады.
10. МЭТ операторы отызыншы мамырға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың толықтығын тексереді.
11. Ұсынылған ақпараттың толық емес екендігі анықталған жағдайда, МЭТ операторы осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімде МЭТ субъектісінен жетіспейтін ақпаратты сұратады.
МЭТ субъектісі жетіспейтін ақпаратты МЭТ операторынан сұратуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
12. МЭТ операторы жыл сайын отызыншы сәуірге дейінгі мерзімде уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тартқан немесе дәйексіз ақпаратты ұсынған МЭТ субъектілері туралы ақпаратты береді.
13. МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың негізінде жыл сайын бiрiншi қазанға дейінгі мерзімде МЭТ операторы МЭТ субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне бағалау және талдау жүргізеді, және жүргізілген жұмыс туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
14. МЭТ операторы қызметінің қорытындылары бойынша жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде мыналарды қамтитын МЭТ субъектілері туралы жиынтық ақпарат уәкілетті органға ұсынады:
1) МЭТ субъектiлерiнің энергетикалық ресурстарды тұтынуын жалпы, сондай-ақ салыстырмалы талдау;
МЭТ операторы МЭТ субъектiсiнің энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуын есептеген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шартты отынға энергетикалық ресурстарды ауыстыру коэффициенттерін пайдаланады.
2) МЭТ субъектiлерінің энергия аудитінің қорытындылары бойынша, энергия тұтыну нормативтері және энергия тиімділігінің меншікті көрсеткіштерін талдау;
3) МЭТ субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін енгізу, міндетті энергия аудитін өткізгені туралы есеп.
15. МЭТ операторы жыл сайын 20 желтоқсанға дейiнгі мерзімде ағымдағы жылғы қызметінің қорытындыларын және МЭТ субъектілерінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпарат болмауға тиіс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында жүргізілген жұмыс туралы қысқаша талдамалық есебін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді калыптастыру қағидаларына 1-қосымша
1-нысан
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат
№ МЭТ субъектісінің толық атауы МЭТ субъектісінің заңды мекенжайы МЭТ субъектісі бірінші басшысының А.Ж.Ә.А. (толықтай) МЭТ субъектісінің бірінші басшысының лауазымы Квазимем-лекеттік сектор мекемесі (Иә/Жоқ) МЭТ субъктісінің негізгі қызмет түрлері*
1 2 3 4 5 6 7
1
* Ескертпе:
1) Егер МЭТ субъектісі бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын болса, ондай жағдайда барлық қызмет түрін көрсету.
2) Ұйым қызметінің түрлерін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне сәйкес көрсету керек.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы:
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы:
2-нысан
Күнтізбелік ____ жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды
өндіру, шығару, тұтыну, беру және кему көлемдері туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толықтай):
№ Энергетикалық ресурстарының атауы Өлшем бірлігі Өндірілген/ өң-делген ОЭР көлемі Меншікті емес көздерден алынған энергетикалық ресурстарын тұтыну* оның ішінде: Меншікті көздерден алынған энергетика-лық ресурстарын тұтыну Басқа заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берілген (өткізілген) энергетикалық ресурстары Энергети-калық ресурстарын сатып алуға жұмсалған шығындар (5а+6 бағаналар сомасы), мың. теңге (ҚҚС есебімен) Ескертпе
ОЭР тасымалдау кезіндегі кемулер*
1 2 3 4 5а 5б 6 7 8 9
1 Электр энергиясы кВт*ч ГЭС**
2 Жылу энергиясы Гкал
3 Ағаш тонна
4 Мотор бензині литр Маркасын көрсету
5 Керосин литр
6 Дизель отыны (Газойлдер) литр Маркасын көрсету
7 Жағатын мазут тонна
8 Тұрмыстық отын пеші тонна
9 Табиғи газ м3 Кен орынын көрсету
10 Тас көмір тонна Кен орынын көрсету
11 Сұйытылған газ (пропан және бутан) тонна
12 Текшелер, тас көмірдің түйіршігі тонна
13 Лигнит (қоңыр тас көмір) тонна Кен орынын көрсету
14 Шикі мұнай тонна
15 Газ конденсаты тонна
16 Бензин типіндегі реактивті отын литр
17 Ілеспе мұнай газы м3
18 Кокс және көмірдің жартылай коксы тонна
19 Ағаш үгінділері және қалдықтары тонна
20 Авиациялық бензин литр
21 Тазартылған газдар, этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда тонна
22 Бензиннен ажыратылған газ м3
23 Мұнай коксы және тақтатас тонна
24 Мұнай битумы және тақтатас тонна
25 Доменді газ м3
26 Коксты газ м3
27 Мұнай өңдеу зауыттарында айыру арқылы алынған газ м3
28 Антрацит тонна
Барлығы: 0
БӨЛІНГЕН ҰЯШЫҚТАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, НЫСАННЫҢ БАРЛЫҚ ҰЯШЫҚТАРЫНЫҢ ТОЛТЫРЫЛУЫ МІНДЕТТІ
* Ескертпе:
1) Мұнай, газ және көмір өндіруші зауыттар және қайта өндеуге арналған шикізат ретінде келіп түсетін энергия ресурстарының бөлігі (үлесі) 5 және 6-бағаналарда көрсетілмейді;
2) егер МЭТ субъектісі энергия ресурстарын тасымалдау бойынша қызметтерді басқа заңды тұлғаларға көрсететін болса, 5б-бағанасында сондай-ақ тасымалдау бойынша осы қызметтерді көрсеткен кезде туындайтын энергия ресурстарының барлық кемулері көрсетіледі, («5б») бағанасының мәндері «5а» бағанасы мәндерінің құрауыш бөлігі болып табылады)
3) 7-бағанада тек қана заңды тұлғаның өзі өндірген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.
4) бір энергия ресурсының бірнеше түрі қолданылатын жағдайда, «9» бағанада, сонымен қатар санын көрсету қажет.
ГЭС** - егер МЭТ субъектісінің құрамында болатын болса, аталған ұяшықта ГЭС-тің өз қажеттіліктеріне тұтылған электр энергиясы көрсетеледі.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы:
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы:
Күнтізбелік ____ жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі суды
тұтыну және кему көлемдері туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толықтай):
№ Энергетикалық ресурсының түрі Өлшем бірлігі Судың тұтынылуы* Тасымалдау кезіндегі судың кемуі**
1 2 3 4 5
1 Суық су м3
теңге (ҚҚС есебімен)
2 Ыстық су м3
теңге (ҚҚС есебімен)
3 Техникалық су м3
теңге (ҚҚС есебімен)
БАРЛЫҚ ҰЯШЫҚТАРДЫҢ ТОЛТЫРЫЛУЫ МІНДЕТТІ
*Ескертпе:
1) Судың есепке алу құралы болмаған жағдайда, тиісті бағанада «есепке алу жүргізілмейді» деп жазу керек;
2) Тұтынатын су көлемінің табиғи және оның ақшалай эквиваленті «4»-бағанада көрсетіледі;
3) Суды тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар ғана «5»-бағанада толықтырылады.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы:
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы:
3-нысан
Күнтізбелік ____ жыл ішінде энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпарат
Таяқшаны қою: Х Таяқшаны қою: Х
- энергия аудиті жүргізілді – нысан одан әрі толтырылады - Энергия менеджменті жүйесі енгізілді
- - энергия аудиті жүргізілмеді - кесте толтырылмайды - Энергия менеджменті жүйесі енгізілген жоқ
МЭТ субъектісінің атауы (толық):
р/с № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі (айы, жылы) Есептік кезең ішіндегі инвестициялар (ҚҚС ескере отырып), теңге Есептеу кезеңіндегі жүзеге асу іс-шарасындағы нақты үнемдеу әсері*
энергетикалық ресурстың атауы заттай түрінде ақшалай түрінде (ҚҚС ескере отырып), теңге
1 2 3 4 5 6 7
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
* Ескертпе:
1) 2-нысандағы энергетикалық ресурстардың атауы және өлшем бірліктері қолданылады;
2) Жүргізілген энергия аудитінің қорытындысы болмаған жағдайда, толтырылмайды;
3) Нысанға энерия аудиті қорытындысының көшірмесі, энергия аудитің қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ISO 50001 халықаралық стандартына сәйкестік серитификаты қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда жолдарды қосыңыз.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы:
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы:
4-нысан
Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстардың шығыны туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толық):
р/с № Энергия тиімділігі көрсеткішінің атауы (мысалы: алюминий өндірісіндегі электр энергиясының меншікті шығыны; 1 ш.м. меншікті жылу тұтыну және т.б.) Өнім бірлігіне арналған регламенттелген нормативтік көрсеткіштер * Ұйымның пайдаланылған энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (кВт*сағ/т., Гкал/м2
ш.о.г./кВт*сағ., ш.о.кг./Гкал және басқалары) Энергия тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу формуласы* Энергия тиімділігі көрсеткішінің мәні
1 2 3 4 5 6
1 жылу өндірісіне ОЭР тұтынуы ш.о.кг./Гкал
2 электр энергиясы өндірісіне ОЭР тұтынуы ш.о.г./кВт*сағ
3 меншікті жылу тұтыну Гкал/м2
4 өнім өндіруге жұмсалатын электр энергия шығыны кВт*сағ/т
5 жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығыны және т.б. ш.о.т./м2
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
*әр сала немесе кәсіпорынның ерекшелігі ескеріліп толтырылады.
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы:
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы:
5-нысан
Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпарат
МЭТ субъектісінің атауы (толық)
р/с № Ескерілетін энергетикалық ресурсы (электр, газ, жылу және басқасы) Аспаптар саны, дана Есепке алу аспаптарымен жарақталғандығының жалпы %
1 2 3 4
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
М.О.
А.Ж.Ә.А. толықтай, лауазымы, байланысы және жауапты тұлғаның қолы:
А.Ж.Ә.А. толықтай, ұйым басшысының қолы:
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша
Энергетикалық ресурстарды шартты отынға тоннасы ауыстыру коэффициентері
Энергетикалық ресурсының атауы Өлшем бiрлiгi Шартты отынды тоннаға аудару коэффициенті
Тас көмiр
тонна 0,626
Текшелер, таскөмір түйіршіктері тонна 0,8
Лигнит (қоңыр көмiр ) тонна 0,408
Шикі мұнай тонна 1,43
Газ конденсаты тонна 1,43
Табиғи газ м3 0,00117
Ілеспе мұнай газы м3 0,00115
Кокс және көмiрден алынған жартылай кокс тонна 0,990
Ағаш үгiндiлері және қалдықтары тонна 0,361
Авиациялық бензин литр 0,001093
Мотор бензині литр 0,001103
Бензин типіндегі реактивтi отын литр 0,001131
Керосин литр 0,00119
Дизель отыны (газойль) литр 0,001261
Жағатын мазут тонна 1,379
Тұрмыстық пеш отыны тонна 1,413
Сұйытылған газ (пропан және бутан) тонна 1,570
Тазартылған газдар, этиленді пропиленді, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда тонна 1,570
Бензиннен ажыратылған газ м3 0,00157
Мұнай коксы және тақтатас тонна 1,080
Мұнай битумдар және тақта тастық тонна 0,544
Доменді газ м3 0,00014
Кокс газы м3 0,00057
Мұнай өңдеу зауыттарында айдамаланып алынған газ м3 0,00117
Электр энергиясы кВт*сағ 0,000123
Жылу энергиясы Гкал 0,143
Антрацит тонна 0,9348
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11728 болып енгізілді.